Қазақстан құрамасының Олимпиададағы 31 шілде күніне арналған жарыс кестесі
Париж Олимпиадасының бесінші жарыс күнгі кестесін назарларыңызға ұсынамыз.
Бүгін сағат 11:00-де триатлоннан Екатерина Шабалина бәсекеге түседі. Нысана көздеуден ерлер құрамасының мүшелері Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский түскі 12:00-де бақтарын сынайды.
Дәл осы уақытта Мария Дмитриенко стенд атудан сайысады. Былғары қолғап шеберлері де бүгін шаршы алаңда жұдырықтасады. 57 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан сағат 14:00-ден кете қолғап түйістірсе, 75 келі салмақта Валентина Хальзова түнгі 12 жарымда жарысқа түседі.
Үстел теннисінен Кирилл Герасименко сағат 18:00-де бағын сынайды. Сондай-ақ спорттық гимнастикадан Милад Карими 20:30-да өнер көрсетеді.
Ал, еске сала кетейік, жаңалықтардың келесі топтамасында Парижден Аслан Қаженов спортшыларымыздың аяқ алысынан хабар тарататын болады. Сонымен бірге студия қонағымен садақ атудан Қазақстан құрамасының дайындығын талқылаймыз. Қапы қалмаңыздар.