Қазақстан және Конго президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды 24kz.

Президент ресми сапардың тарихи, маңызы зор деп бағалады. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын дамытуға мол әлеует бар екенін айтты. Ал Дени Сассу-Нгессо Қазақстанның қазіргі саяси және экономикалық дамудағы жетістіктерін жоғары бағалады. «Астанаға келу – біз үшін зор мәртебе. Бұл сапар саясат, дипломатия және экономика салаларындағы байланыстарды нығайта түсетініне сенемін», - деді ол. Келіссөз барысында тараптар екіжақты байланыстың дамуын талқылады. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанға қош келдіңіз! Сіздің бұл алғашқы сапарыңыз екі ел байланыстарын дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Конго арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамытуға мол әлеует бар деп есептеймін.