Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 6 тамыз күнгі жарыс кестесі

Бүгін Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасында 5 спорт түрінен сынға түседі.

Жеңіл атлеттер Олимпиада ойындарына араласады. Нора Джеруто 3 мың метрге жүгіруден финалда жүлдеге таласады. Ал Давид Ефремов кедергілер арқылы 100 метрге жүгіреді. 

Байдарка мен каноэде ескек есуден Марина Бровкова, Руфина Искакова, Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров жарысын жалғастырады. Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла іріктеу кезеңін бастайды. 

Грек-рим күресінен бозкілемге Демеу Жадраев шығады. Бокста Жартылай финалда Назым Қызайбай қытайлық Ву Юмен кездеседі. Құзға өрмелеуде Әмір Маймұратов өнер көрсетеді. Әзірге ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Жеңіл атлетика

Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі. Давид Ефремов

3 шақырымға жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто

Байдарка мен каноэде есу

Марина Бровкова, Руфина Искакова

Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров

Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла

Грек-рим күресі

Демеу Жадраев (77 келі)

Құзға өрмелеу

 Әмір Маймұратов

Бокс

Жартылай финал. Назым Қызайбай