Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар өндірістік және индустриялық кәсіпорынын аралап көреді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады.