Президент елордадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді
Президент елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №103 мектепте болып, заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралап көрді. Президентке оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау жаңа мектептердің басты ерекшелігі екені айтылды. Білім ордасының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған.