Президент Олимпиада жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті.
Чемпиондарды құттықтап, оларға құрмет көрсетті. Жоғары мемлекеттік наградалмен марапаттады. Басқосуда саладағы күрмеулі мәселелерді де атап өтті. Легионерді ұлттық құрамаға шақырту үрдісін тоқтату керегін айтып, олар жас атлеттеріміздің жолын кеседі деді. Спорттағы жемқорлық және қаржының дұрыс бөлінбеуін де қатаң сынады. Балалар және бұқаралық спортқа көп көңіл бөлуге шақырды.