Қазақстандық паралимпиадашылар бүгін сынға түседі

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 44 спортшы қорғайды, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейінгі Токио Паралимпиадасында 26 саңлағымыз өнер көрсеткен еді. Бүгін ұлттық құрама сапындағы өрендеріміз сынға түседі. Атап айтқанда, пара таеквондодан Милана Красавцева бағын сынайды. Сондай-ақ кешке отырып ойнайтын волейболдан ұлттық команда француз тобына қарсы алғашқы матчын өткізеді. Париж Паралимпиадасының кестесіне сай қазақстандық спортшылар қыркүйектің алтысына дейін жарысатын болады.

 

Сенат төрағасы паралимпиадашыларды қолдау үшін Парижге барды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық Паралимпиада құрамасына қолдау көрсетуге барды. Францияға жұмыс сапары барысында сенат спикері ЮНЕСКО-ның инклюзия жөніндегі конференцияда сөз сөйледі. Сонымен қатар ұйымның Бас директоры және Халықаралық паралимпиада комитетінің Президентімен кездесті.