Бүгін – Білім күні

Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Биыл еліміз бойынша 4 миллионға жуық оқушы дәстүрге сай алғашқы қоңырау сыңғырын естиді, деп хабарлайды 24kz.

Оның 350 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Ел аумағында 7859 мектеп бар. Оның 178-і күрделі жөндеуден өтіп, бүгін ашылды. Жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру ұйымдары да өз қызметін бастады. Өңірлердегі бейінді құрал-жабдықтармен 1,5 мыңнан астам пәндік кабинеті жарақтандырылып, сақадай сай тұр. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бірнеше мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда инклюзивті мектептердің үлесі 88%-ке, ал балаларды арнайы қолдаумен қамту деңгейі 80%-ке өсіп отыр.