Президент Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекеме қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды. Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.