Қазақстанға Германия канцлері Олаф Шольц келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц ресми сапармен келеді.

Кездесу 16-17 қыркүйекке жоспарланған. Сапар аясында елордада жоғары деңгейдегі келіссөздер және «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.