О. Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Жаңаөзенде жыл соңына дейін 1200 орындық заманауи мектеп ашылмақ, деп хабарлайды 24KZ.

Тағы екі білім ордасы келер жылы қолданысқа беріледі.  Олар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынады. Бұл туралы Премьер-министр Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында баяндады. Олжас Бектенов моноқаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру және халықты жұмыспен қамту қарқыны тексерілді. Бүгінде Жаңаөзен және оған іргелес ауылдар 100% газдандырылып, орталықтандырылған сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Ал тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін су тазарту құрылысын жаңғырту моноқала үшін маңызды жобаның бірі болып тұр. Нысанның қуатын арттыру үшін 2025 жылы 30 мың текше метр су қорын жинау максатында резервуарлар салу жоспарланып отыр.