Еңбек күні Қазақстанның дамуына еңбегі сіңген мамандарға құрмет көрсетіледі
Бүгін еңбек күні.
Қыркүйектің соңғы жексенбісі Қазақстанның дамуына еңбегі сіңген түрлі саладағы мамандарға құрмет көрсетіледі.
Бүгінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі. Құжат аясында сапалы жұмыс орындарын көбейтіп, жұмысшыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалады. Ал 2025 жыл мемлекет басшысының жарлығымен "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл да еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Жалпы еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде аталып өтеді.