Мемлекет басшысы «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда сөз сөйледі
Бұрын-соңды болмаған геосаяси тұрақсыздық жағдайында дипломатия шешуші рольге ие болды.
Сындарлы диалогқа тың серпін беруі үшін әлемге өзгеріс керек. Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік» атты конференцияда осылай деп, жаһан саясатындағы өзекті мәселелерге қатысты пікірін білдірді. Сондай-ақ елдегі ауқымды өзгерістерді жіпке тізді. Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты нығайтуда білім саласының маңызы зор деді. Президенттің айтуынша, қазір солтүстіктегі көршімізде 60 мыңнан астам қазақстандық студент оқиды. Мемлекет басшысының сөзін қатысушылар да қуаттады. Ал Ресей Президентінің көмекшісі Владимир Мединский конференция қатысушыларына Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Айта кетейік, жиынға көрнекті ғалымдар, дипломатиялық қызмет ардагерлері, мемлекеттік орган басшылары, саясаттанушылар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.