Қ. Тоқаев Корея президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Корея Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтап, таңғы шық елін экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтті. Екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталып, дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.