Судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданады

Елімізде судьялардың жаңа Әдеп кодексі қабылданады.

Қазақстан Судьяларының тоғызыншы съезіне қатысып, сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осы бастаманы қолдады. Құжат соттардың тәртібіне қатысты жоғары стандарттарды бекітіп, сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайта түседі. Қасым-Жомарт Тоқаев сот мамандарын іріктеу және құзыретін күшейтуге баса мән беру керектігін айтты. Жалпы, судьялар адалдықтың, дербестіктің және әділдіктің жарқын үлгісі болуы тиіс. Сондықтан судьялардың этикалық нормаларды сақтауы ерекше маңызды. Жаңа өзгерістерге сай,, енді сот ісін қарау кезіндегі барлық өрескел қателікті қазылар қауымы тексереді. Бұл – соттардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған жаңа тәсіл, – деді Президент.