Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан Судьяларының IX съезі алаңында Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальмамен кездесті.

Әңгімелесу барысында елдегі сот реформасының өзекті мәселелері талқыланды. Президент Қазақстанда сот әкімшілігінің жаңа жүйесі құрылғаннан кейін соттардың дербестігі нығая түскенін атап өтті. Ал Луис Пальма Қазақстанның сот жүйесін басқарудағы жаңа өзгерістерді жоғары бағалап, Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының басқа мүшелері біздің еліміздің тәжірибесін зерделеуі қажет екенін айтты.