Баянауылда өрт оқшауланды

Павлодар облысы аумағында өрт оқшауланған.

Дегенмен Қарағандымен шектесетін тұста жұмыстар жалғасып жатыр Жалын шарпыған аумақ 10 гектар. Жалпы екі өңіраумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың гектар. Павлодар облысының Желтау қыстағында далалық өрт сөндіру штабы орналасқан. Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қауіп жоқ.

Асқарбек Омаров, Павлодар облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы:

- Оқшаулауға 236 адам, 42 білік техника, 2 әуе кемесі және ұшу аппараты жұмылдырылды. Барлығы 69 тонна су көлемінде су төгілді. Су желтау кентіндегі ұңғымадан алынды.