Референдумның алдын ала болжамды қорытындысы

Референдумның алдын ала болжамды қорытындысы

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша елдегі 12 млн-нан астам адам таңдау құқығына ие болған.

Ал оның референдумға қатысқандары -  7,8 млн. Яғни дауыс берушілердің 63,66 пайызы саяси науқанға қатысқан. Бас-аяғы 5 561 937 адам АЭС құрылысын қолдайтынын айтқан. Бұл жалпы таңдау жасағандардың 71,12 пайызы. Ал 2 млн-нан астам таңдаушы қарсылық білдірген. Сондай-ақ 82 мың қазақстандық қалыс қалған. Айта кетейік, бұл әзірге болжамды ақпарат.