Өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы басталды.LIVE
Жылу беру маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталды.
Күн райының суытуына орай батыс және оңтүстік өңірлерде жылу маусымы қазан айының ортасында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында баяндады. Сондай-ақ министр елдегі Электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығы жайында мәлімет берді.