О. Бектенов: Орман қорын ұлғайту жұмысын қатаң бақылау қажет

Орман қорын ұлғайту жұмысын қатаң бақылау маңызды.

Аталған салаға әлеуетті инвесторлар тарту жұмысын күшейту керек. Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай деді. Премьер-Министр өткен жылдарда орын алған алапат өрттерді еске алып, орманды заңсыз кесу және тілсіз жаудың алдын-алу шараларына назар аударды. Осыған байланысты қазір орман алқаптарын арнайы өртке қарсы жүйелермен, техника және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс қолға алынды. Мәселен, Бурабай ұлттық паркінде орнатылған ерте хабардар ету жүйесінің арқасында орман өрттерінің орташа ауданы 50 есеге қысқарған. Сондай-ақ Үкімет басшысы аурулар мен зиянкестердің таралып кетпеуі үшін санитариялық жұмыстар жүргізіп, алқаптарды жарамсыз ағаштардан тазарту қажеттігін де атап өтті. Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға орман алқаптарына тұрақты мониторинг, оның ішінде ғарыштық бақылау жүргізуді тапсырды.