Орталық референдум комиссиясы нәтижелерді жариялады

Республикалық Референдум туралы заңның конституциялық нормаларына сәйкес референдум өткізілді деп саналады.

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы мәлімдеді. Науқан нәтижелерін комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров жариялады. Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 63,66% дауыс берген. Бұл 7 миллион 820 мың 204 адам өз таңдауын жасады дегенді білдіреді.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы

- Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12% немесе 5 млн 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады. Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы дауыс бергендердің саны 2 млн 45 мың 271 адамды құраы. Осылайша, Республикалық референдум туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады.