Қ.Тоқаев Үлкен Кремль сарайына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды.
Бұл туралы Ақорданың телеграмдағы ресми парақшасы хабарлады. Келелі кеңесте қауіпсіздік, жоғары технология және сауда-саттық жайы талқыланады деп күтілуде. Мәдени һәм гуманитарлық серіктестік те қаралады. Оған қоса ТМД кеңістігінің мәдени астанасы айқындалады. Сонымен қатар маңызды мәміле мен сан салаға серпіліс беретін құжаттар қабылданады деп жоспарланған.