Елге ресми сапармен Армения президенті келді
Қазақстанға ресми сапармен Армения Президенті Ваагн Хачатурян келді.
«Ақорда» резиденциясында мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына өтті.