Президент Astana Think Tank форумына қатысты

Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық.

Оның әскери әлеуеті Президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Astana Think Tank форумына қатысқан Мемлекет басшысы Германия Канцлері Шольцпен кездесу барысында талқылаған мәселесін тағы бір қайталап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдайтынын айтты. «Бітім болмаса, соғыс қос тарапты да жойып тынады», – деді Президент. Орта державалардың «Өзгермелі әлемдік тәртіптегі орта державалар» тақырыбында арналған шарада Мемлекет басшысы әлемнің жікке бөлінуі күшейіп, көпжақты халықаралық институттардың беделі әлсіреген сайын, орта державалардың рөлі арта түскенін де айтты.