О. Бектенов: Бизнесті қолдауда әкімшілік шығындарды азайту керек

primeminister.kz

Бизнесті қолдау шараларының тиімділігін арттыру үшін әкімшілік шығындарды азайту қажет. Премьер-министр бүгін жекелеген әкімдермен және ұлттық компаниялармен өткізген жиында осылай деді.

Олжас Бектенов экспортқа бағытталған келешегі бар өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді. Бірінші кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, тереңдете өңделген металлургия өнімдері мәселесі қарастырылды. «Бәйтерек» холдингі енгізген бірыңғай өтінімдерді қарау регламенті бизнесті мемлекеттік қолдаудың ашықтығын әрі тиімділігін арттырады, сондай-ақ  экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Отандық өндірушілердің тауарлары, қызметтері мен жұмыстарын сатып алуда оффтейк-келісімдер жасау қажеттігі айтылды. «Осылайша, қолдау шаралары белгілі бір кәсіпкерлерге ғана емес, жалпы қазақстандық өндірісті дамытуға оң әсер етуі тиіс», – деді Премьер-министр.