Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды
Моңғолияға мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Президенті Ұлан-Батырдағы Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды, деп хабарлайды 24kz.
2019 жылы ашылған музей қорында 10 мыңнан астам бірегей жәдігер бар. Экспозицияның негізгі бөлігі ұлы қолбасшы әрі жиһангер Шыңғыс хан тұлғасына арналған. Бұдан бөлек, Ғұн дәуірінен бастап XX ғасырға дейінгі Моңғол мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін қамтитын құнды жәдігерлер қойылған. Музейді аралаған соң Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонақтар кітабына жазбасын қалдырды. «Шыңғыс хан ұлттық музейі – ұлы тұлғаның және тұтас мемлекеттің шежіресі. Руханият ордасы ел игілігіне қызмет ете берсін. Моңғолия халқының мерейі үстем болсын!», - делінген жазбада.