Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-пленарлық кеңесін өткізді

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 35 мемлекеттің қатарына қосылды.

Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінде  Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-пленарлық отырысында еліміздің минералды-шикізат қоры мол екенін жеткізді. Сондай-ақ геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды игеру саласындағы шаралары жөнінде мәлімет берді. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға 1 миллиард доллардан астам жеке инвестиция тартқан. Қазір еліміздегі 1,6 миллион шаршы шақырымға жуық аумаққа геологиялық зерттеу жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға болады. "Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз", – деді Президент.