Қасым-Жомарт Тоқаев Сергей Лавровты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіріп, екі жақты ынтымақтастықтың достық, татулық және стратегиялық серіктестік рухында дамып жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында Ресей Президентінің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне айрықша мән берілді. Сондай-ақ Сергей Лавров өз кезегінде екі елдің көп жақты ықпалдастығы, соның ішінде алдағы сапардың күн тәртібі егжей-тегжейлі пысықталып жатқанын жеткізді.