Қ.Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды. Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Қос елдің басшылары саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығын талқылайды. Келіссөздер соңында екі жақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.