Президент Катар мемлекетіне жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Мемлекетіне жұмыс сапарымен келді.

Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Катар Әмірі, шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.