Қ. Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық пен одақтастық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Әңгімелесу барысында президенттер екіжақты ықпалдастықтың даму қарқынын атап өтіп, жоғары деңгейдегі, соның ішінде Садыр Жапаровтың биылғы 18-19 сәуір күндері Қазақстанға ресми сапарының аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Достық пен тату көршілік рухында өрбіп келе жатқан мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.