Президент Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директорын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнеллді де қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Президент олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Кит МакКоннелл Қазақстан спорт қауымдастығының олимпиада қозғалысын насихаттау ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол ұлттық құраманың халықаралық жарыстарда табысқа жетуіне тілектестік білдірді.