Ақтау маңында ұшақ апатына ұшыраған қазақстандықтардан ешкім тірі қалмады
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты.
Алдын ала мәлімет бойынша аман қалған жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев брифнгте мәлімдеді. Қаза болған 6 отандасымыздың аты-жөні әлі жарияланбады. Тек төрт азаматтың Маңғыстау облысының тұрғыны екені белгілі. Қалғандары Қостанай мен Астанадан. Қазақстанның бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов қара жәшік табылғанын айтты.