Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Қазақстанда көлеңкелі экономика деңгейі 1,3 пайызға төмендеді.

Ал мыңнан астам қылмыстық істі тергеп-ексеру нәтижесінде, 236 миллиард теңге залал өтелді. Бұл туралы Президентке есеп берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын хабарлады. Мемлекет басшысының қабылдауында Жанат Элиманов 2024 жылғы жұмыс қорытындысын баяндады. Сонымен, өткен жылы 42 қаржы пирамидасы жойылып, алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды, мессенджерлердегі 327 чат жабылды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі 41 онлайн құмар ойын алаңы, астыртын жұмыс істейтін 30 ойын залы, казино мен букмекерлік кеңсе әшкереленді. Президентке Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің қаржы барлаушылары бірлесе жүргізген арнайы операцияның қорытындысы туралы есеп берілді. Оның нәтижесінде үш «наркошоп» жабылып, 35 наркодилер ұсталған. Террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға 1,2 мың әрекет анықталып, бұғатталған.