Қ. Тоқаев жобалық кеңсенің жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты.

Орталық елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді. Сондай-ақ Президент жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады. Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.