Президент «Абу-Дабидің орнықты даму аптасы» саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Біріккен Араб Әмірліктеріне барады.

Сапар шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянның шақыруымен 14-15 қаңтарға жоспарланған. Қазақ басшысы мұнда «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысады.