Солтүстік Қазақстан облысына үш мыңнан астам адам көшіп барды
Солтүстік Қазақстан облысына биыл 3 мыңнан аса адам көшіп келеді.
Оның ішінде қандастар да бар. Өңірге қоныс аударатын отбасыларға мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдемақы берілді.
Одан бөлек үй сатып алуға немесе салуға 4.5 млн төрт теңге ақша бөлінеді.
Павел Могильченко 2023 жылға дейін Астанада тұрып, балалар үйінен 4 баланы асырап алған. Екі жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облысына көшуді ұйғарады. «Еңбек» бағдарламасына қатысып, жәрдемақыдан бөлек үй құрылысына 4 млн 282 мың теңге алды.
Павел Могильченко, Бескөл ауылының тұрғыны:
- Отбасымызбен үй саламыз дегенде әйелім ғаламтордан осындай суретін тауып алды. Ол менің де көңілімнен шықты. Қазір ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтап жатырмын. Құрылысқа мемлекеттен берілген қаржыны да салдық.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 3 мыңға жуық адам көшіп келді. Оның ішінде қандастар да бар. Оларға мемлекет тарапынан біржолғы жәрдемақы беріліп, басқа да әлеуметтік көмек көрсетілді.
Гүлғайша Ілиясова, еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы:
- Тұрғын үйді өздері жалға алып тұратын болса, ауылдық жерде болсын, қалалық жерде болсын, оларға ауылдық жерде 58 мыңнан асатын, қалалық жерде 117 мыңға дейін материалдық көмек ретінде беріледі.
Өңірге «Еңбек» бағдарламасымен көшіп келген адамдарға үй алуға немесе салуға «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» беріледі. Биыл оның көлемі төрт жарым млн. теңге болып бекітілді.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов