Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысын Абу-Даби әуежайынан Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахайян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.