1 ақпан – Азаматтық авиация қызметкерлері күні
Бүгін елде азаматтық авиация қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметі күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Қазір бұл салада бас-аяғы 25 мыңнан аса отандасымыз еңбек етіп жүр. Олардың кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында өткен жылы 14 млн-нан аса адам діттеген жеріне аман-есен жетті.
Қазір отандық әуе компанияларда жалпы 104 ұшақ бар. Биыл олардың санын 118-ге жеткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде жолаушыларды тасымалдау сапасының жақсаруына ықпал етеді. Әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталды. Республикадағы 8 әуежайдың аэродром беткейлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса 22 халықаралық әуе бағыты ашылды. Атап айтқанда, Алматы – Мумбай, Алматы – Иркутск, Шымкент – Фу-Куок, Астана – Сиануквилл сынды бағыттар қосылды.