Алматыда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданатын зертхана іске қосылды

Алматыда Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы жанынан Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми және технологиялық ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа орталық ашылды.

Сонымен қатар Чжэцзян технологиялық университетімен бірлесіп, жасанды интеллект қолданатын зертхана іске қосылды. Зертханада геоақпараттық жүйе технологиялары арқылы су ресурстарын мониторингтеу және басқару, су тасқыны, қар көшкіні сияқты табиғи апаттар туралы ерте ескерту жүйелерін әзірлеу, қоршаған орта өзгерістерін болжау, ауыл шаруашылығында өнімділікті арттырып, шығындарды азайтуға бағытталған жаңа технологияларды енгізу сияқты бірнеше бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Екіжақты келісімге сәйкес сәуір айында құрал-жабдықтар әкелінеді. Жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және озық технологияларды дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Исмаил Тоқбергенов, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы:

- Сейсмология, сонымен қатар су тасқыны, қар көшкіні және басқа да қауіпті жағдайлар бар. Сондай-ақ бұл жасанды интеллект зертханасы «ақылды» логистика, «ақылды» энергетика, экономикадағы цифрландыру сияқты бағыттарды тиімді әрі жедел дамытуға мүмкіндік береді.

Чен Си, Чжэцзян технологиялық университетінің профессоры /Қытай/:

- Өздерінің білесіздер жасанды интеллект Қытайда жақсы дамып келе жатыр. Орталық Азия және Қытай басшыларының бас самммитінің бірінші кезеңінде мемлекет басшылары осы салада ынтымақтасу туралы мәселе көтерген болатын. Ашылып отырған зертхана сол бастаманың нәтижесі.