Өскеменде ең үздік ұстаздар марапатталды
Өскеменде мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, қызықты жобаларын ұсынды, деп хабарлайды 24kz.
Шалғайдан келген ұстаздар жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін көрсетсе, тағы бірі балаларға қолөнерді насихаттаудың нәтижесін таныстырды. Соңынан өлкедегі ең үздік педагогтар марапатталды. Еңбегімен дараланған ондаған ұстазға «Еңбек ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальдар мен төсбелгілер табысталды.
Әсел Бұлжанова, Білім басқармасының бөлім басшысы:
- Олар тәжірибиесімен әрі шеберлігімен көпшілікті мойындатқан кәсіби мамандар. Ұлағатты ұстаздардың арқасында облыстағы 188 оқушы халықаралық дәрежедегі түрлі сайыста жеңімпаз атанды.