Елімізде екі жылда 359 мектеп салынды
Былтырдан бері елде жарты миллионнан астам орынға шақталған 359 мектеп бой көтерді. «Келешек мектептері» жобасы аясында 173 ғимарат қолданысқа берілді. Биыл 102 нысанның құрылысы аяқталды. Оның 68-і жоба шеңберінде, 34-і бюджеттен тыс көздердің қаражаты есебінен салынды.
Жыл соңына дейін тағы 92 білім ордасы ашылады. 245 мектепті күрделі жөндеуден өткізу 95 мыңнан астам оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасайды. Бүгінде 132 мекеме жаңғыртылып, 104 кешенде жұмыстар жалғасып жатыр. Одан бөлек жыл басынан бері балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші 87,2 пайызға ұлғайды. Тегін үйірмелер, секциялармен бүлдіршіндердің 62 пайызы қамтылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары.