Елімізде ғылымды қаржыландыру алты есе өсті

Елде ғылымды қаржыландыру 6 жылда 6 есе өсті.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Премьер-министрдің айтуынша, мемлекет тарапынан саланы дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Атап айтқанда, биыл 1 қаңтардан бастап ғылыми әзірлемелерге салынатын жеке инвестицияларды ынталандыру үшін шығыстардың 300%-на дейін елеулі салық жеңілдіктері қаралған. Оған қоса жер қойнауын пайдаланушылар кен өндіруге жұмсалатын шығынның 1%-ын ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту үшін бюджетке жіберуге міндеттелді. Иновацияларды венчурлік қаржыландыру құралдары кеңейіп, технологиялық брокерлік пен бизнес-акселерацияны қолдау шаралары күшейтілді. Коммерцияландыратын жобаларды грант арқылы қаржыландыру аясында бизнестің ең төменгі қосымша қаржыландыру үлесі айқындалды.