Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді

Фото: depositphotos.com

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті, деп хабарлайды «24KZ».

Министрлік мәліметінше, құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналарға өтініш беру процесін ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы OQU платформасында онлайн тапсыруға немесе білім беру ұйымдарына тікелей өткізуге болады.

Өңірлер бойынша қабылдау мерзімі төмендегідей белгіленді:

–        27 мамыр – 31 тамыз аралығы: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары;

–        10 маусым – 31 тамыз аралығы: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;

–        18 маусым – 31 тамыз аралығы: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;

–        29 маусым – 31 тамыз аралығы: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.