Астана әкімдігінің грантын иеленгендердің толық тізімі жарияланды
Астанада 2026–2030 жылдарға арналған елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері бекітілді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл шешім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін беру үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларының» 25 және 29-тармақтарына сәйкес қабылданды.
Сондай-ақ шешім еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы 20 тамыздағы № 7 хаттамасының негізінде шығарылды.
Грант иегерлерінің толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан әкімдіктері жалпы саны 2,3 мыңнан астам білім беру грантын бөлген болатын.