Елде үш жүзден астам балалар кітапханасы бар

Елде төрт мыңға жуық қоғамдық кітапхана жұмыс істеп тұр.

Оның 300-ден астамы балаларға арналған. Мәдени нысандар саны бойынша Түркістан облысы көш бастайды. Шаһарда 388 кітап үйі бар. Батыс Қазақстанда 359, Ақмола облысында 341, Қостанайда 336 және Солтүстік Қазақстанда 318 нысан оқырманға қызмет көрсетеді. 
Бұдан бөлек алдағы екі жылда 3 президенттік кітапхана бой көтереді. Қазір Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 

Түркістан облысы    388
БҚО    359
Ақмола облысы    341
Қостанай облысы    336
СҚО    318


3  президенттік кітапхана: 
Астана 
Алматы
Қызылорда

Сондай-ақ оқыңыз: