Астана мен Атырауда 9 мектеп бой көтерді

Астана қаласы мен Атырау облысында 36 мың оқушыға шақталған 9 мектеп салынды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған білім ордаларына 58,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл екі өңірдің білім беру нысандарына түсетін жүктемені азайтып, оқушыларға заманауи әрі қолайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік берді. Жаңа білім ошақтары заманауи оқу инфрақұрылымымен жабдықталған. Олардың қатарында физика, химия, биология және STEM бағыттарына арналған арнайы зертханалар, IT-сыныптар, мультимедиалық залдар, кітапхана бар. Ал Астанадағы алты мектептің әрқайсысында 127 оқу кабинеті қарастырылған. 

Сондай-ақ оқыңыз: