Бағалау жүйесі қалай өзгереді?
Оқу-ағарту министрлігі 5-9-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны келесі оқу жылынан бастап жоюды жоспарлап отыр.
Кейін бұл өзгеріс 10-11 сыныптарға да қатысты болады. Бұл туралы министр Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Жаңа жүйеге көшу үшін талдау және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Осы мақсатта Ұлттық білім академиясында бағалау бойынша арнайы департамент құрылды. Мамандар педагогтерге арналған бағалау критерийлері мен әдістемелік материалдарды әзірлейді. Жалпы бағалау жүйесінің мақсаты - тек баға қою емес, оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтап, оның әрі қарай дамуына жағдай жасау. Егер жаңа тәсіл осы қағидатқа негізделсе, бағалау процесі оқушы үшін де, мұғалім үшін де түсініктірек әрі тиімді болуы мүмкін.