Түркі елдері ғылыми әріптестікті арттырады
Түркі тілдес елдердің ғалымдары ортақ тарихи мұраны бірге зерттеуге күш салады.
Бұл туралы Алматыда өткен Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағы Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысында айтылды. Жиынға Өзбекстан, Қырғызтан, Моңғолия және Әзербайжан мен Түркиядан ғалымдар қатысты. Бірнеше елдің академиктері бас қосқан отырыста дала өркениетін зерттеу жөніндегі консорциум құрылды. Мамандардың айтуынша, бұл бастама түркі халықтарына ортақ тарихты тереңірек тануға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Алтын Орда мен Жошы ұлысын бірлесіп зерттеу жұмыстары көзделген. Халықаралық жиын Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жеңісбек Төлен, ҚР Президенті жанындағы ұлттық ғылым академиясы білім және қоғамды дамыту орталығының басшысы:
- Бұл жердегі мақсат ортақ тарихты, археологиялық деректерді құнды қолжазбаларды бірігіп зерттеу және соған байланысты бес жылдық жол картасын дайындау. Әр жыл сайын ортақ құндылықтарды бір арнаға жинақтап, оның барлығын жүйелеп ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.