Ғылыми дипломатияның жемісі мол

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ғылыми зерттеулерді бір арнаға тоғыстыратын ғалымдар тобын құру ұсынылды.

Бұл бастаманы университет ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиядан келген ғылым академияларының басшыларына таныстырды. Меймандар оқу ордасындағы Ми институтының жұмысын көрді. Мұнда адам болмысының күрделі қырлары, эмоцияның табиғаты мен шешім қабылдау үдерісі зерттеледі. Қонақтарға университеттің суперкомпьютері де көрсетілді. Ол ауқымды деректерді жедел өңдеп, күрделі есептеулерді дәл орындауға мүмкіндік береді. Заманауи жүйе ғылыми ізденістерге серпін беріп отыр. 

Музаффер Шекер, Түркия Ғылым академиясының президенті:

- Ғылыми дипломатия елдер арасындағы байланысты нығайтады. Ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Климаттың өзгеруі, жаһандық сын-қатер, азық-түлік қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелерді қамтуға болады. Сондай-ақ энергия ресурстарын тиімді пайдалану қажет. Бұлардың бәрі өзара байланысты дүниелер.

Сондай-ақ оқыңыз: